Қазақстан Республикасында аналықты қорғаудың конституциялық кепілдіктері
Аңдатпа
Осы мақалада Қазақстан Республикасының аналықты қорғаудың конституциялық кепілдіктерін жүзеге асырумен байланысты ағымдағы мәселелерді қарастырады. Зерттеу әдістері – салыстырмалы заңи, формалды заңи, сондай ақ талдау және синтез әдістері. Қазіргі ана мен бала саласындағы қолайсыз жағдайды ескеретын болсақ аналарды қорғауға бағытталған қолданыстағы конституциялық кепілдіктердің тиімділігі төмен. Қазіргі таңда көптеген көпбалалы отбасылар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж, бала күтімі бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері жеткіліксіз, аналардың құқықтары жиі бұзылады, жалғыз басты аналарға мемлекет тарапынан лайықты қолдау көрсетілмейді, ұрпақты болумен байланысты құқықтарға қол жету барлық азаматтарға тән емес.
Түйін сөздер: аналық, аналық құқық, мемлекеттік қорғау, ананы қорғау.
