Мұстафа Өзтүріктің саяси-құқықтық көзқарастарындағы ұлтшылдық мәселесі
Аңдатпа
Мақалада автор қазақ халқының ардақты ұлдарының бірі Мұстафа Өзтүріктің саяси және құқықтық ұстанымдарына талдау жасайды. Ең алдымен автор Мұстафа Өзтүріктің өмірбаянынан қысқаша деректер келтіреді, оның Қазақстанға оралу тарихынан ақпарат береді. Мұстафа Өзтүріктің әртүрлі басылымдарға берген сұхбаттарына, ол туралы жазылған мақалалар мен естеліктерге сілтеме жасай отырып автор оның мемлекет пен құқыққа қатысты ой-пікірлерін талдайды. Мақала авторы Мұстафа Өзтүріктің тіл, дін, демократиялық құндылықтар, сөз бостандығы, саясат туралы көзқарастарын талдай отырып, олардың бүгінгі күнмен байланысын айқындайды, маңыздылығына тоқталады. Әсіресе, автор Мұстафа Өзтүріктің ұлтшылдыққа қатысты көзқарастары мен ойларын бөліп қарастырып, олардың бүгінгі күн үшін маңыздылығына тоқталады. Мақала авторы Мұстафа Өзтүріктің саясатқа араласып, өзінің саяси-құқықтық көзқарастарын батыл түрде ортаға салуының себептерін де ортаға салады.
Түйін сөздер: саясат, мемлекет, ұлтшылдық, сайлау.
