«Қылмыстылыққа қарсы тұру механизмі» ұғымын анықтау және оны талдау

Авторлар

  • R.Ye. Dzhansarayeva

Аңдатпа

Осы тұрғыдан алып қарағанда, аталған міндетті орындауда қылмыстылықтың бақыланбайтын өсуін тоқтататын, оның құрылымындағы жағымсыз өзгерістерді, сәйкес тенденцияларды қалыптастырудағы қызмет атқарады. Қылмыстылыққа қарсы тұру механизмдері қызметінің проблемаларын кешенді жүйелі зерттеудің ғылыми әдіснамасы бұл құбылыстар туралы қажетті білімді бере отырып, алынған нәтижелерді тәжірибелік қызметке кеңінен енгізуді қамтамасыз ете алады. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды тиімді қамтамасыз етудің қажеттілігі, мемлекеттің механизміндегі қылмыстылыққа қарсы тұрудың орны мен рөлін қайта қарау, сәйкес теориялық қағидаттардың жеткілікті дәрежеде болмауы, құқық қолдану аясындағы бірқатар ұйымдастырушылық-құқықтық проблемалардың орын алуы зерттеу өзектілігін және қылмыстылыққа қарсы тұрудың механизмінің проблемаларын түсіндіреді.
Түйін сөздер: қылмыстылық, қарсы тұру механизмі, қылмыстылықпен күрес, криминология.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-15

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY