Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі саласындағы заңнаманың дамуының кейбір сұрақтары
Аңдатпа
Сақтандыру азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің мүліктері мен мүдделерін қорғау жүйесі ретінде қазіргі қоғамның қажетті элементі ретінде танылады. Ол табиғи және техногендік апат кезінде, басқа да оқыс құбылыстардан зардап келген мүліктік мүдделерді қалпына келтіру кепілдігі болып табылады. Сақтандыру зардаптардың орынын толтыру ғана емес, ол инвистиция үшін қаржы ресурстарының тұрақты қайнар көзі. Бұның барлығы нарықтық экономикасы дамыған елдердегі сақтандырудың стратегиялық бағытын анықтайды. Заманауи Қазақстанның маңызды міндеті өркениетті сақтандыру нарығын қалыптастыру болып табылады.
Түйін сөздер: сақтандыру, сақтандыру нарығы, сақтандыру қызметі, сақтандыру заңнамасы.
