Азаматтық құқықтағы заңды тұлға кінәсінің түсіні

Авторлар

  • S.T. Tynybekov
  • G.O. Serim

Аңдатпа

Бұл мақалада азаматтық құқықтағы заңды тұлғаның кінәсі мәселелері қарастырылған. Цивилистикада заңды тұлғаның кінәсі жеке тұлғаның кінәсіне қарағанда өзінің айрықша құқықтық болмысын куәландыратын ерекше белгілерге ие. Десек те, азаматтық құқық ғылымындағы заңды тұлғаның кінәсіне қатысты даулар әлгі күнге дейін жалғасуда. Сондықтан да авторлар мақалада заңды тұлға кінәсінде «психологиялық» құрам болады ма, заңды тұлғаның кінәсі оның қызметкерлерінің кінәлі әрекеттерінде көрініс табады ма, заңды тұлға кінәсі қандай нысандарда болады, ол қандай жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады деген сияқты сауалдарды талқылаған. Сондай-ақ авторлар азаматтық құқықтағы заңды тұлға кінәсінің белгілерін көрсетіп, оған анықтама беруге тырысқан.
Түйін сөздер: азаматтық құқық субъектілері, заңды тұлға кінәсі, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, зиян, себепті байланыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-14

Журналдың саны

Бөлім

CIVIL LAW AND LABOR LAW