Қырғыз Республикасындағы cаяси партиялар азаматтық қоғам қалыптасуының институционалдық факторы ретінде және олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Аңдатпа
Автор мақалада саяси партияларды азаматтық қоғам қалыптасуының институционалдық факторы ретінде қарастырады және Қырғыз Республикасындағы олардың конституциялық-құқықтық мәртебесін айқындайды. Саяси партиялардың құқықтық институтталуының аса маңызды формасы саяси партияларға конституциялық-құқықтық мәртебесін беру болып табылады. Негізгі заңға саяси партиялар туралы заң ережелерін енгізу олардың мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы рөлін мойындау болып саналады.
Түйін сөздер: партия, саясат, қоғам, билік, Конституция
