Қазақстан Республикасында президенттік басқару формасы объективтік тарихи құбылыс ретінде
Аңдатпа
Айтылмыш мақалада Қазақстан Республикасының басқару формасына қатысты басты идеялар ашылады. Қазақ халқының үміті мен ұмтылысын анағұрлым толық қамтып көрсетеді. ҚР басқару формасының ауыспаушылығы мен тұрақтылығын бекітетін конституциялық нормалар Қазақстан Республикасында тұрақтылығын сақтауға бағытталғандығы дәлелденген.
Қазақстанда президент институтын енгізуде саясат, экономика және идеологиядағы терең дағдарыс алдын ала болды. Ол 1985-1990 жж. Совет Одағы және оған енген республикаларда орын алған. Ол ССР Одағының құлдырауына және дара республикалардың құрылуына әкеліп соқтырды. Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялады.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, президент, мемлекет басқару формасы, президенттік республика, конституция, ұлттық көсемі.
