Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үрдісінде заңдық білім берудің маңызы
Аңдатпа
Мақалада автор заңды білім беруге және қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру кезіндегі рөліне зерттеу жүргізді. Заңды білім берудің жаратылысына және мәніне, оның ерекшеліктеріне үлкен назар аударылған. Автор құзыретті жолға негізделген тұтас педагогикалық үрдіс жүйесіндегі заңды білім беруді жетілдіру жолдарына қатысты мәселелерді баяндайды. Бұдан басқа, мақалада заңды білім берудің негізгі проблемалары және оны шешу жолдары, сонымен қатар заң жоғары оқу орындарының түлектерін сапалы дайындау мәселелері талданады. Ғылыми жұмыс заңды білім беру мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын баяндайтын отандық және шетелдік зерттеулер негізінде жазылған. Автордың пікірінше, мемлекеттің құқықтық жүйесінің беделі мен адамдардың құқық санасының деңгейі көбінде юриспруденция саласындағы мамандардың біліктілігіне байланысты болады. Мақалада заңгерлердің қызмет деңгейінен құқықтық реттеу механизмының тиімді жұмыс істеуіне ғана емес, сонымен бірге қарапайым азаматтардың құқыққа және құқықтық құбылыстарға деген көзқарасына байланысты.
Түйін сөздер: заңдық білім беру, құқықтық мәдениет, құқық идеологиясы, мәдениет, демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам, мемлекет, қоғам, құқықтық сана-сезім, демократиялық мемлекет және оның құндылықтары.
