Қазіргі шетелдік заңнамасында ақпараттық қауіпсіздікті қылмыстық-құқықтық қорғау

Авторлар

  • A. Raev

Аңдатпа

Жұмыста ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың кешенді талдауы жүргізілуде.
Олардың түсініктемесі мен жүйесiн айқындау, қылмыстық-құқықтық реттеудi оңтайландыру
мәселелері қарастырылады. Автор ақпараттық қауіпсіздікті қылмыстық-құқықтық қорғаудың
дербес объекті ретінде таңдайды. Автор ақпараттық қауіпсіздік қылмыстың негізгі және қосымша
объектісі ретінде бола алады деген ережені негіздейді. Ақпараттық саладағы қылмыстарға қарсы
күрес тек Қазақстан ғана емес, басқа елдердің құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің
бірі болып табылатыны таңдалған тақырыптың өзектілігін растайды. Авторлар киберқауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі шетелдік ұлттық стратегиялардың оң тәжірибесін талдайды. Осы
тұрғыдан алғанда, АҚШ-тағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар
мен тетіктердің айтарлықтай талдауы елеулі ғылыми қызығушылық тудырады. Жұмыстың
шеңберінде Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Швецияның, Швейцарияның және
басқа да алдыңғы қатарлы еуропалық елдердегі ақпараттық қауіпсіздік стратегиясының қазіргі
үрдістері толығырақ сипатталған. Отандық қылмыстық заңнамаға жинақталған шетелдік
тәжірибені пайдалану мүмкіндіктеріне назар аударылады. Осы мақала нәтижесінде Қазақстан
Республикасының қылмыстық заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірленді.
Түйін сөздер: ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, қылмысқа қарсы күрестің ұлттық
стратегиясы, ақпараттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, қылмыстық
жауапкершілік.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР