Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жәбірленушінің құқықтарын қорғау
Аңдатпа
Мақала авторы қылмыстық заңда жәбірленушінің мәртебесін анықтау және осы субъектінің
құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелерін қарайды. Автор атап
өткендей, жәбірленушінің құқықтары мен міндеттеріне дәстүрлі түрде қылмыстық іс жүргізу
ғылымында жеткілікті көңіл бөлінеді. Ол қылмыстық процеске негізгі қатысушылардың бірі болып
табылады және тиісінше, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі арқылы нақты реттеледі. Сонымен
қатар, жәбірленуші қылмыстық құқық ғылымы үшін үлкен қызығушылық тудыратыны күмәнсіз.
Жәбірленушінің қылмыстық заңмен тікелей байланысы «қылмыстық құқық бұзушылық», «қылмыс»
және «зиян» категориялары арқылы байқалады. Жәбірленушінің мәртебесінің негізгі мазмұны
– жасаған зиянды өтеу, қылмыспен байланысты қоғамдық қатынастарды қалпына келтіруді
талап ету құқығы. Жәбірленушінің тұлғасы кінәлі тұлғаның қылмыстық жауапкершілігіне,
криминализация және пенализация процестеріне тікелей әсер етеді. Жәбірленушінің құқықтарын
қорғауды зерделеу барысында автор тек қылмыстық заңды ғана қарастырып қоймайды. Мақалада
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес
қылмыстардан зардап шеккендерге берілетін материалдық өтемақыларды реттеу мәселелері
қарастырылады.
Түйін сөздер: жәбірленуші, қылмыс құрбаны, жәбірленушіге өтемақы, қалпына келтіруші сот
төрелігі, келтірілген зиянды өтеу.
