Элементы криминалистической характеристики должностных, коррупционных преступлений
Аңдатпа
Мақала жемқорлық сипатындағы қылмыстарды криминалистік талдау мәселелеріне арналған.
Қазақстан үшін жемқорлық экономикалық, әлеуметтік және тағы да басқа міндеттерді шешуге
кедергі келтіретін маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Халықаралық рейтингтер жемқорлық
деңгейінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Бұл ретте мемлекет жемқорлықпен күресудің
қажеттілігін ұғынады және осыған орай түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, заңдар
мен басқа да заңға тәуелді актілер жетілдіруде. Жемқорлықпен күрестің тиімділігінің төмен
болуының бір себебі болып қолданбалы сипаттағы сұрақтардың зерттелу деңгейінің төмендігі
табылады. Соңғы онжылдықта жемқорлық қылмыстарын тергеудің әдістемесі қарастырылатын
басылымдар жоқтың қасы, сонымен қатар тергеу кезіндегі жағдайға байланысты тергеу
әрекеттерін жүргізудің тактикасына және т.б. байланысты ұсыныстар да жоқ. Зерттеудің
әдістемесі қарастырылып отырған жемқорлық әрекеттерін тарихи және жүйелі талдаудың
қағидаларын құрайды. Мақалада сонымен қатар талдау, синтездеу, индукция, дедукция, жүйелі
талдау, рәсімдеу мен үйлестіруді құрайтын теориялық зерттеулерде қолданылатын зерттеудің
жалпы ғылыми кешені пайдаланылған.Мақаланың ғылыми-әдістемелік негізін Қазақстан
Республикасының ҚК, ҚР ҚПК, сонымен қатар Қазақстанның және шет елдердің атақты ғалым
криминалистерінің еңбектері құрайды.
Түйін сөздер: қылмыс, криминалистика, криминалистік сипаттама, криминалистік элементтер,
жемқорлық, қылмыс іздері, қылмыс жасау әдістері, қылмыскер тұлғасы, талан-тараж, сыбайлас
жемқорлық қылмыстары.
