Қазақстан Республикасының сайлау процесінде бәсекелестікті құқықтық қамтамасыз ету аспектілері

Авторлар

  • M.E. Saginayev
  • N.B Tauekelov
  • L.B. Nusipova

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі барысында объективті саяси
бәсекелестікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Жұмыстың мақсаты –
қазақстандық сайлау заңнамасының қызмет ету мәселелерін талдап, саяси бәсекелестікті сайлау
құқығының кейбір қағидаларын зерттеу тұрғысынан қарастыру болып табылады. Атап айтқанда,
қазіргі заманғы демократиялық сайлау процесінің міндетті белгісі болып табылатын сайлаудың
баламалылығы мен бәсекелестігін тәжірибеде жүзеге асыру мәселелері. Демократиялық дамудың
қажетті құрамдас бөлігі болып табылатын әділетті сайлау институтының қазақстандық мемлекет
пен қоғам үшін әлеуметтік-саяси маңыздылығы мәселенің өзектілігін негіздейді. Мақаланы жазу
барысында зерттеудің жалпы ғылыми, сондай-ақ жеке ғылыми әдістері (диалектикалық, тарихи,
салыстырмалы-құқықтық, арнайы-құқықтық, логикалық) пайдаланылды. Алынған нәтижелерді
Қазақстан Республикасының қолданыстағы сайлау заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ сайлаудың
түрлі деңгейлері саласындағы құқық қолдану тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі мақаланың
тәжірибелік мәні болып табылады.
Түйін сөздер: баламалы сайлау, жарыспалылық, бәсекелестік, сайлау процесі, дауыс беру,
сайлау заңнамасы, сайлау науқаны, сайлау құқығы, қағидалар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW