Қазақстан Республикасында сайлау қатынастарының құрылуы мен дамуының тарихи-құқықтық аспектілері

Авторлар

  • M.E. Saginayev
  • N.B. Tauekelov
  • L.B. Nusipova

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасында сайлау құқығының эволюциясының және электоральдық
құқықтық қатынастардың өзекті мәселелеріне арналған. Жұмыстың мақсаты болып Қазақстан
аумағында сайлау қатынастарының құрылуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу табылады.
Атап айтқанда, қазақ хандығының саяси құрылысының даму процесінде сайлау құқығы
институттарының эволюциясы, Ресейге қосылғаннан кейінгі және кеңестік кезеңдегі сайлау
қатынастарының өзгешелігі талданады. Қазақстандық мемлекет пен қоғам үшін сайлау институты
оның демократиялық дамуы сөзсіз қажетті құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік-саяси маңыздылығы
мәселенің өзектілігін негіздейді. Мақаланы жазу барысында зерттеудің жалпы ғылыми, сондай-
ақ жеке ғылыми әдістері (диалектикалық, тарихи, салыстырмалы-құқықтық, арнайы-құқықтық,
логикалық) пайдаланылды. Алынған нәтижелерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы
сайлау заңнамасын жетілдіруде, сондай-ақ сайлаудың түрлі деңгейлері саласындағы құқық
қолдану тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі мақаланың тәжірибелік мәні болып табылады.
Түйін сөздер: сайлау, сайлау процесі, дауыс беру, сайлау заңнамасы, сайлау науқаны, сайлау
құқығы, қағидалар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW