Мал шаруашылығы – азық-түлік қауіпсіздігінің бір бөлігі ретінде
Аңдатпа
Мақаланың мақсатына сəйкес елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің, оның ішінде мал шаруашылығының
жағдайы зерттелген. Əлемдік деңгейде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан тарапынан қабылданған шараларға, мəселенің
қазіргі жай-күйіне, болашағына қатысты қоғамдық жəне ғылыми пікірлерді талдау қажет. Өзіміздің
байырғы мал тұқымдарын көбейту арқылы ауыл шаруашылығында, азық-түлік қауіпсіздігін қорғау
мəселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: азық-түлік қауіпсіздігі, мал шаруашылығы, үйірлі жылқы шаруашылығы.
