«Жасыл» экономикаға өтудің аймақтық саясатының теориялық жəне методологиялық негіздері
Аңдатпа
Бұл мақалада авторлармен «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясындағы Қазақстан
Республикасының «жасыл» экономикаға өту жəне оны жүзеге асыруды құқықтық қамтамасыз ету
жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламасының жобасын əзірлеу ұсынылады. Алға қойылған
мақсат жалпы дүниежүзілік қауымдастық жəне Қазақстан үшін де өзектілігі мен қазіргі таңдағы
қажеттілігімен түсіндіріледі. Қазіргі таңда дүниежүзінде «жасыл» экономиканы құру өте өзекті
тақырып болып отыр. Қазақстанның болашағы қоғам дамуының барлық тұстарының біртұтастығымен,
теңгерімділігімен байланысты. Қазақстан – тұрақты экономикалық дамуды көздейтін, амандықты,
денсаулық пен өзінің барлық азаматтары үшін қолайлы қоршаған ортаны көздейтін мемлекет.
Түйін сөздер: жасыл экономика, экологиялық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі.
