Қазақстандық мұрагерлік құқық
Аңдатпа
Өсиет бойынша мұрагерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1046-бабына сəйкес:
азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi
өсиет болып танылады. Азамат өзiнiң барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн заң бойынша мұрагерлер
тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға жəне мемлекет-
ке өсиет етiп қалдыра алады. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн неме-
се барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi
мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға құқылы.
Түйін сөздер: өсиет бойынша мұрагерлiк, өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi, мұрадан айыру
– оның ұсынылу құқығы.
