Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызмет жəне оны іс жүзіне асырудың құқықтық негіздері
Аңдатпа
Инновация, жаңа құқықтық ұғым жəне инновацияны зерттеудің теоретикалық негізінде жазылған
зерттеулердің аздығына байланысты шешілмеген мəселелердің көп екендігін көрсетеді. Соның бірі
инновация түсінігі, инновациялық үдерістің мазмұны, инновациялық қызметтің тиімділігінің арнайы
бағалануы, оның мемлекеттік экономиканың дамуына ықпалы, осы салаға байланысты ұлттық жəне
аймақтық жағынан құқықтық реттелуі, инновацияны қаржыландыру, инновациялық бағдарламалар
мен жобалар, инновациялық-индустриалдық дамудың конституциялық-құқықтық негіздері
жөніндегі мəселелер қазіргі кезге дейін құқықтық зерттеу аясынан тыс қалғандығын байқауға бо-
лады. Инновация дегеніміз – өндірістің жəне қоғамды басқарудағы түрлі салаларға енгізілетін,
экономикалық тұрғыдан тиімді жəне əлеуметтік, құқықтық, экологиялық тұрғыдан маңызды,
зияткерлік меншік объектісі болып есептелетін ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтің жаңа
немесе технологиялық жағынан жетілдірілген үдеріс түріндегі жаңа өнім, тауар, қызмет.
Түйін сөздер: Ұлттық инновациялық қор, құқықтық негіздер, Конституция, кодекс, стратегия.
