Отандастарды ықпалдастырудың құқықтық реттелуінің өзекті мəселелері
Аңдатпа
Этникалық көші-қон саласындағы Германия, Польша, Қазақстан құқықтық жүйелерін талдау
негізінде отандастарды ықпалдастырудың құқықтық реттелуінің өзекті мəселелері қарастырылды.
Осы мемлекеттерде ықпалдастырудың құқықтық негіздері мен түрлері зерттеліп, заңнама мен
құқыққолдану тəжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірленді. Оған қоса салыстырмалы
құқықтық талдау негізінде көрсетілген құқықтық жүйелердегі ықпалдасудың жалпы жəне ерекше
белгілері, артықшылықтары мен кемшіліктері анықталған.
Түйін сөздер: отандастар, ықпалдасу, құқықтық реттеу, репатриация, репатриант, шет елдердің
тəжірибесі.
