Францияның зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы мен конституциялық-құқықтық тәжірибесі
Аңдатпа
Мақалада Францияның зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы мен конституциялық-құқықтық тәжірибесі қаралады. «Лаицизм», «зайырлылық», «зайырлы мемлекет» түсініктеріне құқықтық талдау жасалады. Сонымен қатар Францияның зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуы зерттеледі. Мақала пәнаралық сипатқа ие. Автор Францияның зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуындағы теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттейді. Сонымен қатар Франциядағы қазіргі заманғы дін мен мемлекеттің арақатынасын сипаттап конституциялық-құқықтық реттеудің маңызына тоқталады. Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретінде қалыптасуына Францияның зайырлы мемлекет үлгісінің ықпалын қарастырады.
Түйін сөздер: Франция, лаицизм, Франция зайырлы мемлекет, Франция конституциясы, зайырлылық, зайырлы мемлекет, мемлекет пен діннің арақатынасы, мемлекет пен діннің бөліну қағидасы.
