Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық-құқықтық негіздері
Аңдатпа
Мақала авторлары әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканың даму үрдісін, инвестицияны тарту үрдісін тежейтін және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына жағымсыз әсер ететін, мемлекеттің болашағына едәуір қауіп төндіретін негізгі ғылыми және ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кейбір конвенцияларға мақалада сараптама жүргізілген. Осы саладағы сарапшылар мен ғалымдардың пікірлеріне негізделген тиісті қорытындылар жасалған.
Авторлар көптеген теориялық және тәжірибелік материалдарға талдау жасай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жетілдіруге байланысты қорытындылар мен ұсыныстар жасаған.
Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, БҰҰ Конвенциясы, мүше-мемлекеттер.
