Ішкі істер органдарының тіркеу мен есеп қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері
Аңдатпа
Бұл мақалада – криминалистикалық тіркеу деп ғылыми ережелер және олардың негізінде қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу процесін дер уақытында қажетті ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған құқық қорғау органдарының заңмен реттелген тәжірибелік қызметін түсінуді ұсынады. Бұл қызметтің қорытындысы криминалистикалық маңызды ақпараттарды анықтау болып табылатындықтан ол қылмыстарды ашу мен тергеуде қолданылатын криминалистикалық тіркеу объектілері туралы мәліметтер жиынтығы деген қорытындыға келді.
Түйін сөздер: криминалистикалық тіркеу, ұйымдастырушылық, дактилоскопиялық, картотекалар, идентификациялық.
