ҚР Қылмыстық процестік кодексіндегі сотқа дейінгі өндірісте тергеу аппаратын жетілдіру жолдары

Авторлар

  • T. Urazimbetov

Аңдатпа

Ғылыми мақалада, отандық қылмыстық сот өндірісінде іс жүргізушілік келісім институтының теориялық негіздерін талдау арқылы заңнамалық жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жолымен қылмыстық іс жүргізушілікті қамтамасыз ету. Сонынмен бірге, аталған құқықтық құбылысты қолдану бойынша шетелдердің сот-тергеу тәжірибесі, заңнамасының ерекшеліктерін зерттеу жолымен қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру қарастырылған. Мақалаға жаңа кодексте, қылмыс үшін қосымша төрт түрлі жаза қолдануы туралы енгізілген. Атап айтқанда, мүлкін тәркілеу, атағынан, шенінен, марапаттарынан айыру және белгілі бір қызметпен айналысуын шектеу. Бұл жазалардың бәрі қазіргі заңда негізгі жаза ретінде қолданылып жүргені мәлім. Жаңа Қылмыстық кодексте айыппұл төлеуден жалтаратындарды заң тезіне салу үшін бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қарастырылған. Бұл жағдайда абақтыда отырған бір күн төрт айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл көлемімен теңестіріледі. Сондай-ақ, ендігі арада айыппұлды қасақана төлемеу айғағын дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Мұның өзі бүгінде көбейіп кеткен айыппұлдан жалтарушыларды тезге салуға игі ықпалын тигізері анық.
Түйін сөздер: қылмыстық істер, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыстық қудалау, тергеу амалдары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-29

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY