Экстремистік бағыттағы қылмыстарды тергеу бойынша ведомствоаралық жедел тергеу тобы
Аңдатпа
Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес заңдарында экстремизмге және терроризмге қарсы күресті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылына назар аудару керектігі айтылды. Ресми органдардан алынған статистикалық дерек көздері елімізде экстремизм мен терроризм қаупінің бар екендігін және оның даму үрдісін көрсетті. Өзара әрекеттестік тұрғысынан алғанда, экстремистік бағыттағы қылмыстарға байланысты қылмыстық істерді тергеу жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді түрі экстремистік бағыттағы қылмыстар мен терроризм актілерін тергеу бойынша ведомствоаралық жедел тергеу тобын құру туралы ұсыныс жасалды. Жедел тергеу іс-шараларын жедел тергеу тобында жүзеге асыру ғана барлық білім мен машықтарды бір уақытта қолдануға, әр түрлі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қабілеттерінің байқалуына мүмкіндік береді. Жедел тергеу іс-шараларының барынша тиімділікке қол жеткізумен айтарлықтай тез арада өткізілуі мүмкіндігі айтылды. Құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті реттейтін заңдарға тоқталып кетті.
Түйін сөздер: экстремизм, терроризм, құқық қорғау органдары, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, ведомствоаралық жедел тергеу тобы.
