Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қорқытудың жалпы сипаттамасы мен даму тарихы
Аңдатпа
Бұл мақалада қорқыту түсінігіне қылмыстық теріс қылық ретінде анықтама берілген. Елімізде қабылданған жаңа қабылданған қылмыстық заңға сәйкес қорқытуды қылмыс емес, қылмыстық теріс қылық ретінде қарастырылғандығы туралы сөз қозғалған. Бұл мақаланың мақсаты қорқытуды қоғамдық қауіпті әрекет ретінде зерттеу. Қорқыту түсінігімен оған қолданылатын қылмыстық жауаптылықтың құқық қолдану қызметіндегі негізгі жағдайларын анықтауда қылмыстық құқықтық реттеу ерекшелігін ашу мәселесі қарастырылады.
Түйін сөздер: қорқыту, құқықбұзушылық, қылмыстық теріс қылық, қылмыстық кодекс, жауаптылық, санкция.
