Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің кейбір ерекшеліктері
Аңдатпа
Қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы күрделі процессуалдық әрекеттердің бірі және құқық қорғау қызметінің жеке тұлғаны қылмыстық құқық бұзушылықтан қорғаудың негізгі құралы болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша ол қылмыстық істің пайда болу мән-жайларын анықтайтын процессуалдық институт болып табылады. Қылмыстық сот өндірісінің бұл сатысы жасалған немесе болжамды түрде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, арыздарды қабылдау, қарау және шешу бойынша пайда болатын қоғамдық қатынастардан және қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болуы туралы мәселені шешу бойынша құжаттар жинаудан тұрады.
Түйін сөздер: қылмыстық процесс, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жәбірленуші, сот өндірісі, сот, қылмыстық құқық бұзушылық, қылмыс.
