Күдіктіні ұстау-тергеу әрекеті ретінде
Аңдатпа
Бұл мақалада күдіктіні ұстау негіздері, күдікті ретінде ұсталған адамдарға анықтау органы, анықтаушы, тергеуші немесе прокурордың мәжбүрлеу шарасы қолданылу тәртібі, сондай-ақ кезеңдері қарастырылған. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану өзінің сипатымен мақсаты бойынша әртүрлі болып келеді. Қоғамдық қатынастардың, сондай-ақ оларға деген қолсұғушылықтардың әр-түрлі болуы, өздерінің мазмұнына, себептері (негіздері) және іске асыру тәртібі бойынша мемлекеттік мәжбүрлеудің әркелкі түрлерін қолдану қажеттілігін негіздейтін айқындалған айырмашылықтары бар. Ол, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, тәртіптік ықпалы бар шаралар түрінде ғана көріне алады және көрінеді де. Мемлекеттік мәжбүрлеудің тағы бір түрі болып өзінде мәжбүрлеу ықпалы бар қылмыстық процессуалдық құқықтың барлық нормаларымен қарастырылатын жиынтықты көрсететін қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу саналады.
Түйін сөздер: күдікті, күдіктіні ұстау, процессуалдық тәртібі, бұлтартпау шаралары, мәжбүрлеу шаралары.
