Қылмыстылық пен көші-қонның өзара байланысы
Аңдатпа
Жаһандану жағдайындағы қоғамдық қатынастардың өзгерістерге ұшырауының жағымды аспектілерімен қоса, жағымсыз салдарларды: қатынастардың криминализациялануын, қылмыстылықтың құрылысының өзгеруін, белгілі қылмыстылықтың түрін өзгертуі мен жаңа қылмыстылық түрлерінің пайда болуын туындатады. Мақалада көші-қон мен ҚР аумағында криминалды ая мен мүдделердің ортақтығымен біріктірілген мигранттармен жасалынған қылмыстардың белгілі бір жиынтығының өзара байланысы зерттелген. Шиеленісті жағдайдың үлгісі азаматтардың өмірінің қауіпсіздігін, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті, мемлекеттік билікті, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғушылықтар аясында туындайды.
Түйін сөздер: көші-қон, мигрант, криминалды көші-қон, заңсыз көші-қон, қылмыстылық, көші-қон қылмыстылығы.
