Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығының кейбір ерекшеліктері мен реформалау мәселелері
Аңдатпа
Берілген мақалада мемлекеттік және жергілікті бюджетті қалыптастырудың басты көздерінің бірі ретінде жеке табыс салығы қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес жеке тұлғалардың табысына салық салудың тәртібі мен ерекшеліктері сипатталған. Азаматтардың кірістеріне салық салудың негізгі мәселелері және оны реттеудегі шетел тәжірибесін қолданудың мүмкіншілігі қарастырылған, жеке табыс салығын салу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген.
Түйін сөздер: жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың табысы, мемлекеттік бюджет, табыс пен мүлікті жаппай декларациялау, салық салудың үдемелі межелігі, төлем көзі, салық мөлшерлемесі.
