Көші-қон қылмыстылығының түсінігі, мәні және түрлері

Авторлар

  • R.Ye. Dzhansarayeva

Аңдатпа

Мақалада көші-қон үдерістеріне жәрдемдесетін көші-қон қылмыстылығының санаттық-ұғымдық аппаратын жасауға, нақты белгілердің жиынтығын бөліп шығаруға, көші-қон қылмыстылығын ғылыми дефиниция ретінде қарастыруға талпыныс жасалған. Көші-қон қылмыстылығы қылмыстылық жүйесінің, онымен тығыз байланысты бір бөлігі болып табылады. Көші-қон қылмыстылығының бағытталу векторын мигранттар құрайды. Көші-қон қылмыстылығы көші-қон үдерістерімен немесе көші-қон заңнамасын бұзумен байланысты қылмыстың субъектісінің мінез-құлқының сипаттамасы негізінде бөлініп шығарылған элементтерден тұратын белгілі бір тұтастық ретінде қарастырылады.
Түйін сөздер: көші-қон қылмыстылығы, криминалды көші-қон, көші-қонмен байланысты қылмыстылық, мигранттар қылмыстылығы, шетелдіктер қылмыстылығы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-26

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY