Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардың кейбір сұрақтары: олардың энергетикалық саясатты қалыптастырудағы рөлі

Авторлар

  • R. Erezhepkyzy
  • A.К. Dzhangabulova
  • B. Konysbay

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының үкіметтік емес секторын дамыту бағыттары мен жағдайы және оның демократиялық қоғамды дамытудағы рөлі қарастырылған. Жеке мемлекеттің саясатында, сонымен қатар шетел деңгейінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлінің маңызы мен өзектілігі атап өтілген. Үкіметтік емес сектор мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, аталған қатынастың қоғамның дамуына әсері қарастырылған. Жұмыста энергетикалық қауіпсіздік саласында ҮЕҰ жобаларын іске асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қарым-қатынасының жеткіліксіздігі атап өтілген. Энергияны өндіру мен тасымалдау компанияларын бақылауға ҮЕҰ қатысу механизмі мен олардың қызметінің мүмкін бағыттары ұсынылған, соның ішінде қоршаған ортаны ластағаны үшін энергия өндірушілердің жауапкершілігін арттыру жөніндегі, экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау үшін тәуелсіз мониторинг тетігін әзірлеу бойынша ұсыныстар берілген.
Түйін сөздер: үкіметтік емес сектор, үкіметтік емес ұйымдар, қоршаған орта, мемлекет.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-26

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW