Заң шығару өкілеттігін беру институтының мәні және оны дамыту мәселелері
Аңдатпа
Мақалада заң шығару өкілеттігін беру институтының мәні ашылып, оның ҚР заңнамасында құқықтық реттелу жағдайы қарастырылды және оны дамыту мәселелері зерттелді. Авторлар мақалада заң шығару өкілеттігін беру институтының Қазақстан Республикасында және бірқатар шет елдерде құқықтық реттелуіне салыстырмалы талдау жасап, оны жетілдіру жолдарын ұсынды. Тиісті ұсыныстардың негізінде аталмыш институт толық және тиімді реттелген жағдайда оны қолданудың қажеттігі негізделді.
Түйін сөздер: заң шығару өкілеттігін беру, мемлекет басшысы, заң шығарушы орган, заң шығару қызметі, заң, атқарушы орган, заң шығару процесі.
