Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикет және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі саяси құқықтарын қорғау

Авторлар

  • A.S. Tazhmagambet
  • D.Z. Kopbayev

Аңдатпа

Ойланбай, «жоғарының тапсырысы бойынша» аяқасты қабылданған Қазақстан Республикасы заң нормалары билік пен халық арасындағы наразылыққа әкеліп соқтыруда.
Демократиялық өрлеу заманында да қазақстандық билік халықтың өз ойын білдірудегі бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикет және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне кедергі жасап, әдептегі қатаң тәртіп пен құлдырау биліктің айла-тәсілдерін қолдану арқылы шектеу қоюмен әлек болып отыр. Халықтың бұл саяси-қоғамдық еркіндігі билік үшін «қауіпті құбыжық» болып көрініп отыр.
Біздің тұжырымымыз Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларын халықаралық құқық деңгейіне сәйкестендіруге, азаматтардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикет және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне оңтайлы ықпал жасау.
Түйін сөздер: саяси құқық, бейбіт жиналыстар, митинг, шерулер, пикет, демонстрация, халықаралық құқық, мойындау (ратификациялау).

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-25

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW