Егеменді Қазақстанның кеден қызметіне 25 жыл
Аңдатпа
Мақалада кеден қызметінің қалыптасуының мәселесі қаралған. Кеден саласы (кеден саясаты және кеден ісі) мемлекеттің дамуына әсер ететін нақты бағыттар мен тетіктерінің қатарына жатады, сондай-ақ, интеграциялық және ғаламдастыру үдерістеріне әсер етуі тиіс. Бұл санатты Қазақстанның кедендік құқық саласында пайдаланылатын болған, сонымен қатар, әртүрлі аспектілерде қазақстандық және шетелдік ғалымдармен түрлі ғылыми білім салаларындағы зерттеулерінде қарастырылған. Белгілі болғандай, кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың ажырамас бөлігі ретінде әрекет етеді, негізінен экономикалық мазмұндағы заңнамалық айқындалған міндеттері бар. Кеден ісі рәсімдер мен кедендік әкімшілендіруді жеңілдететін тенденциялар мен осы саясаттағы мақсаттарға жету үшін амалдар түрін (құралдар) береді. Бұл қатынаста біз оларды кеден саласының құрылымы ретінде қарастырамыз, яғни олар белгілі бір жағдайларда тұтастай кеден жүйесінің элементтері ретінде әрекет етуі мүмкін.
Түйін сөздер: кеден қызметінің тарихы, кеден саласы, кеден саясаты, кеден ісі, кеден одағы.
