АҚШ мен ЕО ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық реттеу тәжірибесі туралы
Аңдатпа
Берілген мақалада мемлекет пен қоғам, тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ЕуроОдақ пен Америка Құрама Штаттарының заңдарын жүзеге асыру мен қабылдау тәжірибесі қарастырылады. Азаматтық және әскери ортадағы арнайы заңнамалар қабылдау салдарлары, бірізділігі және себептері ескеріледі. Берілген тәжірибе оны мүмкіндік туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының ақпараттық-құқықтық саласында қолдану үшін зерттеледі.
Түйін сөздер: ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық қызығушылықтар, интернет, бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары.
