Себептіліктің процесуалдықкриминалистикалық теориясы мазмұнының генезисі

Авторлар

  • D. Kalkamauly

Аңдатпа

Бұл мақалада себептіліктің процессуалдық-криминалистикалық теориясы мазмұнының генезисі қарастырылады. Себептіліктің криминалистикалық теориясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттық тергеу үрдісінде оқиға тетігін анықтауда тәжірибелік ұсыныстар жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қылмыстыққұқықтық ғылымда себептілік мәселесін зерттеуде қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен қылмыстық нәтиженің орын алуы арасындағы өзара байланыс туралы сұрақтарды шешу аспектісінде басымырақ жүргізіледі және қылмыс құрамы элементтерінің сипаттамасына қатысты. Мақалада ғылымның ілгері жетістіктерін және үздік ғалымдардың іргелі зерттеулерін пайдалану арқылы тергеу әрекеттерін реттеудің заманалық мәселелерін шешу мүмкіндіктері негізделеді. Әрбір қарастырып отырған істе ең бастысы себептіліктің процессуалдықкриминалистикалық теориясын анықтауға бағытталған ерекше әдістеме керек. Түйін сөздер: себептілік, себептіліктің криминалистикалық теориясы, дәлелдеме, себептіліктің қағидалары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-22

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY