Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері және даму болашағы
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында қатты қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері және даму болашағы бойынша ақпаратты қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу – мұқият зерттеу және жан-жақты құқықтық реттеуге талап өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ТҚҚ-ны қалдықтардың қалыптасу «көзінен» бөлек жинау жүйелі деңгейде жолға қойылмаған, сондықтан қалдықтарды қалыптасу кезінде бөлу, қалдықтарды бөлек-бөлек шығару, қалпына келтірілген материалдарды қайта өңдеу және сату жүйелеріне бүкіл ел бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізу мүмкін емес. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, өңдеу және көму жөнінде көрсетілетін қызметтер кешенінің тиімділігін, сенімділігін, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығын жоғарылату, ТҚҚ өңдеу үлесін ұлғайту, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету ол мемлекетіміздің өзекті мәселесі болып табылады. Түйін сөздер: қатты тұрмыстық қалдықтар, салауатты қоршаған орта құқығы, құқық, экология, мемлекеттік.
