Қылмыстық іс жүргізу принциптер және қылмыстық қудалау басталуы
Аңдатпа
Мақалада сотқа дейiнгi ic жүргiзудің басталу процедурасы, қылмыстық қудалаудың басталуы туралы мәселені шешу барысында қылмыстық процестiң принциптерiнің мәнi талданған. Жаңа заңнамамен қылмыстық процеске енгізілген өзгерістерге назар аударылады. ҚР қылмыстық процеcтiң заңдылық принципі туралы түсіндірме берілген. Бұрынғы заңнамамен салыстырмалы анализ жасалған. Түйін сөздер: қылмыстық процесс, қылмыстық процестің қағидаттары, қылмыстық процесс принциптерінің жүйесі, қатысушыларының құқықтарына кепілдіктер беру.
