Қазақстан Республикасы құқық қорғау қызметін басқарудың жаңа қағидалары
Аңдатпа
Бұл мақала Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметінде жаңа басқару принциптерін енгізудің өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік қызмет жаңғыртылып жатқаны белгілі. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі меритократия, ашықтық, кәсіпқойлық, тиімділік және нәтижелілік принциптерін енгізуге бағытталған. Құқық қорғау органдары жүйесі қызметінің негiзгi көрсеткiшi – азаматтардың жоғары сенiмi болуы тиiс. Жоғарыда аталған басқару қағидалары Қазақстанның құқық қорғау қызметінде абсолютті жаңа және ертеректе белгісіз болып табылады. Бұл мақала құқық қорғау органдарының, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы прокуратурасының қызметінде жаңа басшылық қағидаттарын енгізу және пайдалану перспективаларын қарастыруға бағытталған. Прокуратура органдарының басқару жүйесіндегі жаңалықтары: 1) мансапты жоғарылату мәселесінде меритократия принципін жан-жақты енгізу. Оның құралдары: Бас прокуратурада басты лауазымдарға прокурорларды ілгерілету үшін жаңа пул құру; прокурорлардың кәсіби корпусын қалыптастыру; кандидаттарды неғұрлым мұқият таңдау және т.б.; 2) азаматтардың сенімін арттыру; 3) прокурорлардың жұмысына жобаны басқаруды енгізу; 4) азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге толық қатысуы; Бұл мақала мемлекеттік қызметшілердің, сарапшылардың, ғалымдардың, мемлекеттік сарапшылардың, саясаттанушылардың, заңгерлердің, саяси ғалымдар мен мемлекеттік басқару оқытушыларының үлкен қызығушылығын тудырады. Зерттеудің нәтижелері мемлекеттік басқаруды реформалау туралы заңнамалық актілерді әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін. Автор мемлекеттік органдардың қызметін басқару, шетел мемлекеттерінің озық тәжірибелері, шет елдердің нормативтік құқықтық актілеріне талдау жасау саласындағы жұмыстарды зерттеді. Ғылыми мақаланы жазу барысында келесі ғылыми нәтижелер алынды: – Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы қызметінде жаңа басқару қағидаттарын енгізу кезінде кадр саясатына басымдық беру қажет; – Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметін басқару жүйесін реформалау барысында шетел мемлекеттерінің озық тәжірибесін ескеру қажет; – Құқық қорғау қызметіне, ұлттық мәдениетке, мінез-құлық сипатына және ел дамуының негізгі шарттарын реформалау кезінде назарға алынуы тиіс; – Әркімнің жеке жауапкершілігі принципі басқару құрылымының негізгі элементі болуы керек; – Құқық қорғау жүйесіндегі жобаларды басқару элементтерінің жұмыс істеуі бірлескен жұмыстың қалыптасуына және нәтижелерге қол жеткізуге бағытталатын болады. Түйін сөздер: менеджмент, «меритократия, «мемлекеттік органдар, мемлекеттік басқару, прокуратура органдары, кәсібилік», құзірет».
