ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК ТАЛАП ҚОЮЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ204111026

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде қалыптасқан әкімшілік сот ісін жүргізу жүйесіндегі әкімшілік талап институтын кешенді зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі әкімшілік юстицияның дамуы, жария-құқықтық даулар санының артуы және жеке тұлғалардың жария билік органдарымен қатынастарында құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді сот арқылы қорғау қажеттілігімен айқындалған.Зерттеудің мақсаты – әкімшілік талаптардың негізгі түрлерінің құқықтық табиғатын, функционалдық маңызын және оларды ажырату критерийлерін айқындау, сондай-ақ қазақстандық сот тәжірибесінде қолдану мәселелерін талдау. Мақалада даулауға арналған талап қою, мәжбүрлеу туралы талап қою, әрекет жасауға міндеттеу туралы және заңсыз деп тану туралы талап қоюларының пәні, негізі және құқықтық салдары тұрғысынан қарастырылған. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы әкімшілік талаптарды субъективтік жария құқықтарды қорғаудың жүйелі тетігі ретінде негіздеуде және әкімшілік-процестік реттеудегі олқылықтарды анықтауда көрініс табады. Зерттеу әдістемесі формальды-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және жүйелік талдау әдістеріне, сондай-ақ сот практикасын зерделеуге негізделген. Зерттеу нәтижесінде, бағынысты нормативтік құқықтық актілерді даулау істерінің соттылығын нақтылау қажеттілігі негізделді. Зерттеудің құндылығы әкімшілік талап доктринасының дамуына қосқан үлесімен айқындалады. Жұмыстың практикалық маңызы қорытындыларды құқық қолдану тәжірибесінде және заңнаманы жетілдіру үдерісінде пайдалану мүмкіндігімен көрінеді.

Түйін сөздер: әкімшілік талап, әкімшілік сот ісін жүргізу, жария-құқықтық дау, дау айту туралы талап қою, мәжбүрлеу туралы талап қою, тану туралы талап, әкімшілік әділет.

Автор өмірбаяны

  • М.Ғ. Қоңырбаева, Қонаев университеті, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының магистрі, Қонаев университетінің докторанты, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Жарияланды

2026-11-17

Журналдың саны

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ