ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШАРТ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ КОДЕКСТЕР КОЛЛИЗИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ200411526

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Цифрлық кодексі цифрлық мәмілелер ережелерін жаңартқанымен, жаңа технологиялық институттар мен азаматтық құқық арасындағы жүйелік алшақтықты айқындады. Электрондық шарттың дербес шарт түрі емес, ерік білдірудің ерекше тәсілі екені негізделеді. Азаматтық және Цифрлық кодекстерді талдау мәміле нысаны, акцепт, қол қою тәсілдері және шарттың жасалу сәті туралы нормалардың үйлесімсіздігін анықтады; оның себебі – коллизияларды шешудің жалпы ережелерімен жойылмайтын, бір деңгейдегі екі кодекс арасындағы коллизия. Сондай-ақ click-wrap келісімдері, смарт-келісімшарттар, жасанды интеллект қатысатын мәмілелер, цифрлық платформалар мен активтер қарастырылды. Формалды-заңдық, жүйелік және салыстырмалы-құқықтық (ЕО, Германия, Ресей, Қытай) әдістер қолданылды. Нормативтік олқылықтар жүйеленіп, de lege ferenda он ұсыныс тұжырымдалды, оның ішінде коллизияларды жоюға және электрондық айналымның құқықтық айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған ҚР Азаматтық кодексінің 152, 395, 397-баптарына және Цифрлық кодекстің 2-бабының 3-тармағына өзгерістер жобалары. Ұсыныстар қатарында – тұтынушының қашықтықтан жасалған шарттан бас тарту құқығы және платформалардың өз құқықтық мәртебесін ашу міндеті. Нәтижелерді заң шығару жұмысында, сот тәжірибесінде және азаматтық құқықты оқытуда қолдануға болады.

Түйін сөздер: электрондық шарт, Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі, смарт-келісімшарт, электрондық цифрлық қолтаңба, цифрлық активтер.

Автор өмірбаяндары

  • А.Е. Төлеген, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    2 курс докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • М.Э. Карим, University of Malaya

    PhD докторы, Малайя университеті Заң факультетінің қауымдастырылған профессоры

  • А.А. Әбікенов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасының доценті

  • С.М. Алдашев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы

Жарияланды

2026-11-17

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ