ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ

Авторлар

  • Д.С. Байсымакова Қонаев университеті, Алматы, Қазақстан
  • Р.У. Булекбаева Қонаев университеті, Алматы, Қазақстан
  • Ш.Е. Каштаева ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі», Алматы, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ118220265

Аңдатпа

Еңбек қатынастарының цифрлық кеңістікке ауысуы ұлттық құқықтық жүйелердің алдында жұмыскер құқықтарын конституциялық-құқықтық тұрғыдан қорғау тетіктерін жаңаша пайымдау қажеттігін алға шығарды. 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде Қазақстан Республикасында Конституциялық Соттың қайта құрылуы және азаматтарға жеке конституциялық шағым беру құқығының бекітілуі адам құқықтарын қорғаудың жаңа институционалдық тетігін қалыптастырды. Алайда аталған механизмнің цифрландыру жағдайындағы еңбек құқықтарын қорғауға қатысты әлеуеті ғылыми ортада әлі де кешенді түрде зерделене қойған жоқ.

Мақаланың негізгі мақсаты - цифрландыру дәуірінде жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауда жеке конституциялық шағым институтының мүмкіндіктерін айқындау және Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жүйелеу. Зерттеу барысында Германия мен Түркия мемлекеттеріндегі жеке конституциялық шағым үлгілері сараланып, қазақстандық модельдің құқықтық табиғаты мен ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар цифрлық еңбек кеңістігінде туындайтын жаңа құқықтық сын-қатерлерге талдау жасалып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының еңбек бостандығына қатысты алғашқы нормативтік қаулылары ғылыми тұрғыдан бағамдалды.

Зерттеудің ғылыми әрі тәжірибелік маңызы Қазақстандағы конституциялық шағым тетігінің институционалдық жаңалығымен және цифрлық экономика жағдайында жұмыскер құқықтарын тиімді қорғауға деген қоғамдық сұраныстың артуымен айқындалады. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелі-құрылымдық, формальды-заңи және салыстырмалы-құқықтық әдістер құрайды. Сонымен қатар 2023–2024 жылдары қабылданған Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары нақты істерді талдау тәсілі арқылы зерделенді.

Жұмыста азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгінуінің жарамдылық өлшемдері сипатталып, платформалық жұмыспен қамту, алгоритмдік басқару және жұмыскерді электрондық бақылау секілді құбылыстардан туындайтын жаңа құқықтық мәселелер айқындалды. Конституциялық Сот қолданатын пропорционалдықты тексеру әдісінің мазмұны қайта құрылымдалып, құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған бес ұсыныс тұжырымдалды.

Түйін сөздер: жеке конституциялық шағым; Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты; еңбек құқықтарын конституциялық-құқықтық қорғау; еңбекті цифрландыру; платформалық жұмыспен қамту.

Автор өмірбаяндары

  • Д.С. Байсымакова, Қонаев университеті, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Қонаев университетінің докторанты

  • Р.У. Булекбаева, Қонаев университеті, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, Қонаев университетінің доценті

  • Ш.Е. Каштаева, ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі», Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы

Жарияланды

2026-06-03

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW