ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ БАҒАЛАУ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ

Авторлар

  • Е.Э. Дуйсенов
  • Д.Ә. Әбділда

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ118220263

Аңдатпа

Жұмыста цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын белсенді енгізу жағдайында Қазақстан Республикасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері қарастырылады. «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және қалыптасып келе жатқан цифрлық заңнама жүйесін қоса алғанда, қолданыстағы құқықтық реттеу талданады. Құқық қолдану проблемаларына, мамандарды жеткіліксіз даярлауға, сондай-ақ кибершабуылдарды автоматтандыруды және дербес деректерге төнетін қатерлерді қоса алғанда, ЖИ пайдалануға байланысты тәуекелдерге ерекше назар аударылады. Цифрлық технологиялардың азаматтардың құқықтарын онлайн-ортада қорғауға әсері қарастырылады және осы саладағы негізгі осалдықтар анықталады. Жұмыста заңнаманы жетілдіру, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдын алу моделіне көшу қажеттілігі негізделеді.

Зерттеудің мақсаты цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында Қазақстан Республикасындағы киберқауіпсіздікті құқықтық реттеуді кешенді талдау, сондай-ақ құқық қолдану практикасының қазіргі проблемаларын анықтау және цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғаудың заңнамасы мен тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Цифрландыру мен жасанды интеллект жағдайында киберқауіпсіздікті құқықтық реттеуді кешенді талдау, проблемаларды анықтау және азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Түйінді сөздер: киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, цифрландыру, Дербес деректер, киберқылмыс, құқықтық реттеу.

Автор өмірбаяндары

  • Е.Э. Дуйсенов

    заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Д.Ә. Әбділда

    Қонаев университеті «Құқық» даярлау бағытының доценті, заң
    ғылымдарының кандидаты

Жарияланды

2026-06-03

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW