ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ: САПАЛЫ КОНТЕНТ-ТАЛДАУ

Авторлар

  • Г.И. Аргинбекова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6132-9761

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ200206126

Аңдатпа

Құқықтық мәдениет қоғамның заң мен құқықтық жүйеге қатысты көзқарастары, құндылықтары, сенімдері, нормалары мен тәжірибесін қамтитын көп қырлы ұғым. Белгілі бір елдегі отандық ғалымдар өздерінің тиісті контексттерінде құқықтық мәдениетті зерттеу мен түсінуде шешуші рөл атқарады. Осы тұжырымдарға сәйкес бұл мақалада құқықтық мәдениет ұғымына қатысты отандық ғалымдардың зерттеулеріне сапалы контент-талдау жасалады. Жалпы құқықтық мәдениет ұғымы барлық елдер ғалымдары кеңінен зерттеп жүрген тақырып. Web of Science Core Collection базасында «legal culture» кілт сөзі арқылы іздеу барысында 1,323 материал табылды. Осы материалдар арасында 10 ғылыми мақала отандық ғалымдарға тиесілі. Аталмыш кілт сөзді пайдаланған зерттеулер 2016 жылдан бастап жариялана бастаған. Зерттеу жұмысының қорытындылары осы материалдар негізінде жасалды. Мақалада ғалымдардың құқықтық мәдениетті зерттеуінің 6 себебі және зерттеу нысанын түсінудің 6 өзекті мәселелері айқындалды. Сондықтан бұл мақаланың негізгі мақсатына отандық ғалымдардың құқықтық мәдениетке қатысты зерттеулеріне сапалы контент-талдау жасау жатады. Мақалада мынадай сауалдарға жауап іздейміз: (1) құқықтық мәдениетті зерттеудің қандай ерекшеліктері бар? (2) Құқықтық мәдениетті зерттеуде отандық ғалымдар қандай тұжырымдар ұсынады? Нәтижесінде отандық ғалымдардың құқықтық мәдениет туралы жарияланған зерттеулері қазақстандық құқық жүйесі мен оның әлеуметтік көрінісін тереңірек түсінуге ықпал етеді деген қорытындыға келдік.

Түйін сөздер: құқықтық мәдениет, құқықтық жүйе, құқықтық нормалар, құққтық білім беру, құндылықтар.

 

Автор өмірбаяны

  • Г.И. Аргинбекова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ, Қазақстан

    Аргинбекова Гульнара Ишанбековна (корреспондент авторы) – заң ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда, Қазақстан, e-mail: gulnar.arginbekova@mail.ru).

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ