Қазақстан Республикасының экологиялық құқықтың халықаралық қайнар көздерінің ерекшеліктері
DOI:
10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.06Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада экологиялық құқықтың халықаралық қайнар көздерінің
теориялық және практикалық мәселелері және олардың Қазақстан Республикасының ұлттық
заңнамасын дамытуға бағытталған әсері талқыланады. Қазіргі кезде Қазақстан қоршаған
ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында халықаралық-құқықтық
ынтымақтастық процесіне қатысуға мүдделі. Осыған байланысты халықаралық деңгейдегі
экологиялық құқық нормалары мен қағидалардардың ұлттық деңгейде қабылдау және ұлттық
құқық көздері жүйесіндегі олардың орнын анықтау мәселелері ерекше маңызға ие. Қазіргі кезде
өзара байланысты және өзара тәуелді әлемде адамзаттың ең өзекті мәселелерін мемлекетаралық
реттеудің ерекше рөлі айқындала түсуде, ол тікелей және сөзсіз, ең алдымен, қоршаған ортаны
қорғау және оны қазіргі және болашақ ұрпақтардың игілігі үшін сақтау проблемаларын қамтиды.
Халықаралық шартта біріктірілген мемлекеттер арасындағы осындай өзара іс-қимыл процесінде
құрылған нормалар ішкі құқық нормаларымен өзара әрекеттесусіз оқшау әрекет ете алмайды. Сонымен қатар, мұндай өзара іс-қимыл халықаралық сипаттағы қайнарлардың ерекше санатын
(нормативтік құқықтық актілерді) ішкі құқықтың жалпы жүйесінде бөлу кезінде көрінеді, ал
халықаралық шарт нормаларын конституциялық және құқықтық қабылдау ұлттық заңдардың
нормаларына қарағанда мұндай нормалардың жеке, арнайы преференциялық ережелерін
танумен сипатталуы мүмкін. Қорытындылай келе автор теориялық ережелерді, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасын жетілдіруге арналған
практикалық ұсыныстарды ұсынады.
Түйін сөздер: экологиялық заңдар, құқық қайнар көздері, имплементация, халықаралық
құқық нормалары, ұлттық заңнамалары.
