Қазақстан Республикасы заңнамасының әлеуметтік еңбек мәселелері
Аңдатпа
Қазіргі таңда адам құқығы әлеуметтік қорғауда әлеуметтік саясаттың көрінісі болып табылады.
Ол экономикалық жүйені дамыту үшін саяси билікті пайдалану ретінде анықталуы мүмкін, оған
экономикалық жүйе өзі жете алмайды. Әлеуметтік саясат әлеуметтік әділеттілікті, әлеуметтік
теңдікті жүзеге асырады, ол негізгі әлеуметтік теңсіздікті жояды. Әлеуметтік саясат адамға
лайықты өмір сүруіне кепілдік беруі керек. Лайықты өмірдің және еркін дамудың шарттары отбасы
мен өзінің өмір сүруіне жеткілікті деңгейі құқығында айтылған. Кез келген адамға жеткілікті азық,
киім, тұрғылықты жер қамтамасыз етіліп, өмірлік жағдайлары жақсара түсуі тиіс. Әлеуметтік
мемлекеттің статусын конституциялық бекітуден мемлекеттің әлеуметтік қызметін тапты (ГФР,
Франция, Испания, Италия, Португалия, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Армения, Беларусь
Республикасы, Нидерланды конституцияларында). Бұл туралы заманауи доктринада баяндалған.
Әлеуметтік мемлекет – мемлекеттің міндеттеріне сай келетін, адам және азаматтардың әлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен бостандықтарын конституциялық қамтамасыз ететін принцип
болып табылады. Бұл сипаттама мемлекеттің қоғам үшін қызмет етіп, орындалмайтын әлеуметтік
айырмашылықтарды болдырмауды білдіреді (Сухарева А.Я., 1997:647).
Түйін сөздер: еңбек, әлеуметтік, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, жұмыссыздық.
