Стандарттау – өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз етудің әдісі ретінде
Аңдатпа
Мақалада өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз етудің әдісі ретінде стандарттаудың ұғымын анықтаудың өзекті мәселелері қарастырылған. Көтеріліп отырған тақырыпты қарастыру барысында заңгер-ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері талданып, тиісінше тұжырымдар жасалды.
Түйін сөздер: стандарттау, сапа, өнім, жұмыс, қызмет, сертификат.
