Заң шығару техникасы заң шығару қызметінің тиімділігінің негізгі бір алғышарты ретінде
Аңдатпа
Мақалада заңи реттеумен, құқықтық актілерді жасау процесімен байланысты негізгі мәселелер, заң шығару техникасымен байланысты ғылыми концепциялар, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен қабылдауда қолданылатын амалдар мен әдістер, ережелер қарастырылған. Тиісінше құқықтық актілердің мәтінін құрастырудтын әдістер, ашып айтқанда заң шығару техникасының қисын, заңның стилі мен тілі секілді маңызды элементтері ашылып, олардың маңызы, заңның сапасын қалыптастырудағы рөлі анықталды.
Түйін сөздер: заң шығару техникасы, нормативтік-құқықтық акті, заң шығармашылығы, заң шығарушы, заң актісінің тілі, заңның стилі, заңи терминология, ғылыми концепция.
