Қылмыстық істер бойынша соттың, қорғау тарабы мен айыптау тарабының дәлелдеу процесіндегі белсенділіктерінің шектері мәселелері
Keywords:
сот, қорғау тарабы, айыптау тарабы, қылмыстық қудалау, тараптардың жарыспалылығы.Abstract
Аталған мақалада қылмыстық іс жүргізудің қазіргі заманғы теориясындағы соттың, айыптау тарабы мен қорғау тарабының дә лелдеу процесіндегі орны туралы мәселе қарастырылған. Қарастыры лып отырған мәселенің мәні жарыспалы қылмыстық сот процесінде сот, тараптар белсенділік танытуы қажет пе, ал егер қажет болса он да ол қандай қызмет түріне ие болуы керек екендігінде. Сотта тарап тар арасындағы даудың болмауы жарыспалылық қағидасының мәнін жоғалтады. Сот тараптардың жарыспалылығы үшін жағдай туғызады, процесс қатысушыларының мінезқұлықтарының заңдылығын қада ғалайды, зерттеліп отырған дәлелдемелерді дәлелдемелердің жол берілушілігі, дұрыстығы тұрғысынан бағалайды.
