ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА СӘЙКЕС ЖЕР УЧАСКЕСІНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АУЫСУЫН АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ204111426

Аңдатпа

Мақала 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беруге белгіленген мораторий 2031 жылғы 31 желтоқсанға дейін кезекті рет ұзартылғаннан кейін Қазақстан Республикасында жер учаскесіне меншік құқығының ауысуын реттейтін азаматтық-құқықтық тетікке арналған. Құқықтарды мемлекеттік тіркеудің цифрландырылуы жағдайында құқықтық кадастрдағы мәліметтердің дұрыстығына сенген сатып алушының қаншалықты қорғалатыны ерекше маңызға ие. Бұл мәселенің шешілуі жер учаскелерімен жасалатын мәмілелердің құқықтық қауіпсіздігіне және азаматтық айналымның тұрақтылығына тікелей әсер етеді. 

Зерттеудің мақсаты қолданыстағы заңнама мен сот практикасының меншік құқығының ауысу сәтін айқындауды, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрындағы мәліметтердің дұрыстығын және адал сатып алушының құқықтарын қорғауды қаншалықты қамтамасыз ететінін анықтау болып табылады. Құқықтарды мемлекеттік тіркеудің цифрландырылуы жағдайында құқықтық кадастрдағы мәліметтердің дұрыстығына сенген сатып алушының қаншалықты қорғалатыны ерекше маңызға ие. Бұл мәселенің шешілуі жер учаскелерімен жасалатын мәмілелердің құқықтық қауіпсіздігіне және азаматтық айналымның тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Зерттеудің әдіснамалық негізін формальды-заңдық және салыстырмалы-құқықтық әдістер, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын талдау және құқықты экономикалық талдау элементтері құрайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық және Жер кодекстерінің, құқықтарды мемлекеттік тіркеу, ипотека және нотариат туралы заңдарының ережелері Германияның жер кітабы жүйесімен, Торренс жүйесімен, сондай-ақ Ресейде, Украинада және Латвияда қабылданған құқықтық шешімдермен салыстырылды. 

Түйін сөздер: жер учаскесі, меншік құқығының ауысуы, мемлекеттік тіркеу, тізілімнің жария сенімділігі, адал сатып алушы.

Автор өмірбаяндары

  • Д.О. Талипов, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінің 2 курс докторанты

  • Б.А. Сериев, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    заң ғылымдарының кандидаты, профессор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма мүшесі – жастар саясаты жөніндегі проректоры

  • Д.Н. Бекежанов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

     философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі

  • Замиль Юсуф Саепул, Паджаджаран университеті

    заң ғылымдарының докторы, Паджаджаран университеті, Заң факультетінің  Инфрақұрылымдық құқық ғылыми-зерттеу орталығының профессоры

Жарияланды

2026-11-17

Журналдың саны

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ