ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС НЫСАНДАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ118220266Аңдатпа
Бұл мақалада жұмыспен қамтудың кейбір стандартты емес нысандары, атап айтқанда, платформалық жұмыспен қамту, толық емес жұмыс уақыты және т.б. қарастырылады. Тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, бүкіл әлемдегі еңбек нарығы цифрландыру, жаһандану және Covid-19 пандемиясы әсерінен айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Яғни, бұл трансформация жылдар өткен сайын және, біздің ойымызша, адам өмірінің салаларына жасанды интеллектті белсенді енгізу нәтижесінде болашақта әлі де қарқын даму алатын болады. Сондықтан да болар, дамудың бүгінгі кезеңінде қашықтан жұмыс істеу, платформалық жұмыспен қамту, толық емес жұмыс уақыты сияқты икемді еңбек түрлері кеңінен таралады. Осы жұмыстың ең басты мақсаты – жұмыспен қамтудың стандартты емес нысандарына құқықтық талдау жүргізу. Сондай-ақ, кейбір мәселелерді анықтау және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу де зерттеудің мақсаты болып табылады. Зерттеу барысында көптеген әдістер қолданылды. Оның ішінде ғылыми-танымдық және салыстырмалы-құқықтық әдістер бар. Халықаралық тәжірибе мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талданды. Түрлі статистикалық деректер ұсынылды. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы отандық заң шығарушыға және осы салада зерттеу жүргізетін ғалымдарға пайдалы болуында. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жұмыспен қамтудың стандартты емес нысандарын белсенді енгізуге байланысты кейбір артықшылықтар мен кемшіліктерді анықталды. Бірінші кезекте, жұмыскерлердің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселелері болып табылатын тәуекелдер айқындалды. Қазақстандық еңбек нарығының қазіргі жағдайы қарастырылды. Талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Әлеуметтік кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
Түйінді сөздер: жұмыспен қамтудың стандартты емес нысандары, платформалық жұмыс, өзін-өзі жұмыспен қамту, қашықтықтан жұмыс істеу, еңбек құқық, еңбек нарығы, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы










